Кәсіптік бағдар беру іс жүзінде : One School One Skill жобасының аясында кәсіби сынақтар мен экскурсиялар

Кәсіптік бағдар беру іс жүзінде : One School One Skill жобасының аясында кәсіби сынақтар мен экскурсиялар

Кәсіптік бағдар беру бағыты мен Шығыс Қазақстан облысының Жол картасын жүзеге асыру аясында бейіндік сыныптары бар 38 мектептің оқушылары үшін жұмысшы мамандықтармен таныстыруға бағытталған «One School One Skill»  іс-шарасы өткізілді.

Жоба аясында мектеп оқушыларына кәсіби сынақтар ұйымдастырылды, онда әрбір қатысушы маманның рөлін сынап көру мүмкіндігіне ие болды. Оқушылар тәлімгерлер мен кәсіпорындар өкілдерінің жетекшілігімен бірнеше тапсырмаларды орындап, түрлі салада өз шеберліктерін сынады.

Сонымен қатар, жасөспірімдер жергілікті ұйымдар мен өндіріс орындарын аралап, жұмыс процестерімен, құрал-жабдықтармен, болашақ мамандарға қойылатын талаптармен танысып, сала мамандарына сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Бұл экскурсиялар оқушыларға өз дағдыларының практикалық маңыздылығын бағалауға және таңдаған мамандықтарының ерекшеліктерін түсінуге көмектесті.

Аталған іс-шараның тәжірибеге бағытталған форматы оқушыларға кәсіби дағдылардың құндылығын   , өз қызығушылықтарын бағалауға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға тағы бір қадам жасауға көмектеседі.