Өскеменде «Тең мүмкіндіктер» балалар инклюзиялық спорт фестивалі

2025 жылғы 17 қазанда Өскеменде «AMANAT» партиясы ұйымдастырған «Тең мүмкіндіктер» атты дәстүрлі балалар инклюзивтік спорт фестивалі өтті. Бұл жоба «Кедергісіз келешек» аясында білім, спорт және мәдениет басқармаларымен бірлесіп жүзеге асырылды. Іс-шара инклюзия мен бірліктің жарқын үлгісі болып, ерекше қажеттіліктері бар балалар мен сау балалар арасындағы әлеуметтік белсенділік пен өзара әрекеттің маңыздылығын көрсетті.
Фестивальдің мақсаты — ерекше қажеттіліктері бар балалар мен сау балалар арасындағы достық пен сенімді инклюзивтік спорттық-мәдени іс-шаралар арқылы нығайту.
Фестивальге облыстың қалалары мен аудандарынан 3-8 сынып оқушыларының 23 командасы қатысты. Жас спортшылар үш спорт алаңында бақ сынасты: «Бочча», «Көңілді старттар» және «Жеңіл атлетика».
Бочча-паралимпиадалық спорт түрі, ол Қазақстанда енді ғана дами бастады, бірақ балалар арасында танымал. Өскемен қаласының командалары арасында өткен бокча жарысында бірінші орынды «Искра» командасы, екінші орынды «Луч» командасы, ал үшінші орынды «Атлетико» командасы иеленді.
Кіші санат қатысушылары арасындағы эстафета қорытындысы бойынша:
I орын — Глубокое ауданының «Ертіс-1» командасы
II орын - Тарбағатай ауданының «Тарландар» командасы
III орын — Ұлан ауданының «Сұңқар» командасы
Аға санат қатысушылары арасында:
I орын – Катон-Қарағай ауданының «Белқарағай» командасы
II орын — Тарбағатай ауданының «Тарбағатай» командасы
III орын — Ұлан ауданының «Ұлан» командасы
Кішілердің арасында жеңіл атлетикадан:
I орын - Күршім ауданының «Қырандар» командасы
II орын – Риддер қаласының «Олимп» командасы
III орын — Алтай ауданының «Спарта» командасы
Үлкендердің арасында:
I орын — Алтай ауданының «Драйв» командасы
II орын — Күршім ауданының «Адал» командасы
III орын- Глубокое ауданының «Ертіс-2» командасы иеленды.
Фестиваль соңында жеңімпаздар спорттық жетістіктері үшін дипломдармен, кубоктармен және арнайы медальдармен, сондай-ақ ақшалай сертификаттармен салтанатты түрде марапатталды, ал қалған қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.