«Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын ұйымдастыру» атты облыстық тәжірибе алмасу семинары

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2020 жылы 7 қазанда ZOOM платформасы арқылы «қашықтық форматта» «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтардың жұмысын ұйымдастыру» атты тәжірибе алмасу семинарын өткізді.
Семинар мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтардың жұмыс тәжірибесімен алмасу.
Семинарға Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығының, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, аудандар мен қалалардың балабақша меңгерушілері, әдіскерлері және тәрбиешілері (95 адам) қатысты.
Семинар барысында Семей қаласы «Айналайын» шағын орталығының меңгерушісі А.Т.Тутқышева, Аягөз қалалық №2 бөбекжай-балабақшасының әдіскері Г.М. Альсеитова балабақшалардағы кезекші топтардың жұмысын ұйымдастыру іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Шара аясында «Шұғылакітап» баспасы директорының орынбасары А.Ш.Стыбаева мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған оқу-әдістемелік кешендермен таныстырып, оларды қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар жасады.