Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысы

2025 жылғы 3 қыркүйекте облыс әкімінің орынбасары Е. Ж. Нұрғалиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті.
Отырыста кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлық пен буллингтің деңгейін төмендетуге бағытталған алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ нашақорлыққа қарсы шараларды жүзеге асыру мәселелері қарастырылды. Алдын алу шараларын күшейту және ата-аналар мен мұғалімдерді аутодеструктивті мінез-құлық пен буллингке байланысты қауіптер туралы хабардар етудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Отырыс кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлестері мен тиімді ынтымақтастығы үшін мемлекеттік органдардың өкілдеріне Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің алғыс хаттары табысталумен аяқталды.