Меню

Страницы

Статья

Шығыс Қазақстан облысында мектепке дейінгі білім беруді дамыту туралы ақпарат

Облыстың мектепке дейінгі білім беру жүйесінде мектепке дейінгі мекемелер саны - 786, оның ішінде балабақшалар саны - 339. Жеке меншік балабақшалар саны - 131.

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100% (59 470 бала) құрайды, бұл 2010 жылмен салыстырғанда (71,9%) қамту 28,1% артты. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 77,8% құрайды.

Жалпы білім беретін мектептерде 447 шағын орталықтар жұмыс істейді, оның ішінде 2 сағаттан 3 сағатқа дейінгі 278 шағын орталықтар, олар 11 987 баланы (73,6%) қамтиды. Алайда, олар қоғамда әлеуметтену үшін баланың толық дамуына мүмкіндік бермейді.

Бастауыш мектепте оқытуда балалардың зияткерлік, мотивациялық, эмоционалды-ерікті дайындығына ықпал ететін білім беру ортасын қалыптастыру және облыс мектептеріндегі бірінші сынып оқушыларының табысты бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында «Сәбилер мектебі» әдістемелік нұсқауына сәйкес жазда дайындық курстарын ұйымдастыру жұмыстары жалғасады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке даярлау деңгейін арттыру мақсатында ата-аналардың талап-тілектерін ескере отырып, 2020 жылы жаз кезінде 4651 баламен (балалар санының 20%) мектепке дейінгі дайындықты күшейту жоспарлануда.

Мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің жалпы саны - 5125 адамды құрайды. Оның ішінде: 3483 – балабақша, 880 – мектепалды, 762 - шағын орталық тәрбиешілері.

2019 жылы мектепке дейінгі мекемелердің 500 мұғалімі жергілікті бюджет қаражаты есебінен (10373376 теңге) даярлау курстарынан өтті, оның ішінде: 100 - балабақша меңгерушілері, 100 - әдіскерлер, 125 - тәрбиешілер, 50 - психологтер, 50 - мектепке дейінгі мекемелердің музыка мұғалімдері, 25 - мектепке дейінгі мекемелердің қазақ тілі мұғалімдері, 50 - мектепке дейінгі мекемелердің дене шынықтыру мұғалімдері.

2019 жылғы 25 қыркүйекте Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында «Балауса-Балқын» бөбекжайының базасында әдіскерлер мен балабақша тәрбиешілері үшін «Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелік іс-әрекеттің және тәрбиенің жоғары нәтижелеріне қол жеткізуде инновациялық технологияларды тиімді енгізу» тақырыбында аймақтық практикалық семинар өткізілді.

2019 жылғы 28 қарашада мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық құрамының инновациялық тәжірибесін жалпылау және тарату, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрамын ынталандыру үшін жағдай жасау және мектепке дейінгі сапалы білімге қол жеткізу мақсатында «Үздік мектепке дейінгі ұйым» байқауы өтті.

2020 жылы инклюзивті білім беру бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың 200 мұғаліміне курстар өткізу жоспарлануда.

Дата публикации
20 марта 2020
Дата обновления
20 марта 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
04 августа 2025
«Адал ұрпақ» мектеп клубтары бойынша ақпарат
Пайдалы ақпарат
04 августа 2025
«Саналы ұрпақ» клубтарының жүйелі жұмысы
Ақпарат
08 августа 2024
Кәсіпкерлерді әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу алгоритмі

Социальные медиа

facebook
Instagram
ВКонтакте

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы