ШҚО-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар 12 304 (2 291 мектепке дейінгі, 10 013 мектеп жасындағы) бала тұрады, оның ішінде 1963 бала мүгедектер санатына жатады.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін сапалы жағдайлар жасау мақсатында өңірлік бағдарламалар мен «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» Қазақстан Республикасындағы инклюзивті саясаттың 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамаларын іске асыру шеңберінде жұмыс жүргізілуде.
Қазіргі уақытта балаларды оқыту, тәрбиелеу және оңалту үшін:
4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 12 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті, 1 оңалту орталығы, 1 «Асыл Мирас» Аутизм орталығы жұмс істейді, онда 850 бала түзету көмегін алуда.
2026 жылы Алтай ауданында КППК ашу жоспарланған.
16 арнайы білім беру ұйымдары (оның ішінде 6 жалпы білім беретін, 1 мектеп-балабақша кешені, 1 БҚО, 5 мектепке дейінгі), бұдан басқа 2 жеке меншік арнайы мектеп-бала-бақша «Страна Чудес», «Bastau» және 1 жеке меншік арнайы мектеп-балабақша кешені және «Мархабат» жекеменшіктегі түзету балабақшасы бар, жалпы арнайы бағдарлама бойынша оқытумен 1849 бала қамтылды.
Жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдайтың 60 кабинет (оның 5 - і аутизм спектрі бұзылған балаларды оқытуда, 1 - көру қабілеті бұзылған балаларды (көру қабілеті нашар және зағип) оқытуда, 1 –есту қабілеті нашар балаларды (есту қабілеті нашар және естімейтін) оқытуда қолдаудың тірек кабинеттері болып табылады, 3 - мектепке дейінгі мекемелерде, бүгінгі күнге 1923 бала психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған.
2026 жылы Зайсан және Үлкен Нарын аудандарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау бойынша кабинеттер ашылады.
Арнайы сынып, топ немесе логопункт ашу мүмкіндігі жоқ, бірақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар оқитын мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда дефектологтардың 217 бірлігі, 117 (оның 28-і балабақшада) педагог-ассистент бірлігі енгізілді.
Кадрлық қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білікті көмек көрсету үшін мектептердің штаттық кестесіне арнайы педагогтарды – дефектологтар мен логопедтерді енгізу жұмыстары жалғастырылды (300-ден астам дефектолог пен логопед бірлігі енгізілді, оның ішінде 132,5 ставка балабақшаларда), сондай-ақ 367,5 педагог-ассистент ставкасы (оның ішінде 163,5-і балабақшаларда) енгізілді. Бұл барлық мұқтаж балаларды жеке сүйемелдеумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
2025 жылы 186 педагог және 50 педагог-ассистент біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Балаларды инклюзивті біліммен қамту ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың жалпы санының 90%-ын құрады.
Осылайша, бүгінгі күні қабылданған шаралар жалпы білім беретін мектептердің 97% және мемлекеттік балабақшалардың 86% инклюзивті білім мен тәрбие беру үшін жағдай жасауға мүмкіндік берді.