"Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" ММ әкімшілік бөлімі туралы ереже

  1. Жалпы ережелер 
  1. Әкімшілік бөлім (бұдан әрі - Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Президент пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Басқарма басшысымен бекітіледі.

 

Дата публикации
15 июля 2016