Шығыс Қазақстан облысы балаларды қосымша біліммен қамту бойынша республикада алдыңғы қатарда.
Балаларға қосымша білім беру бағдарламасы білім беру ұйымдарында, мектептен тыс ұйымдарда жүзеге асырылады.
Бүгінгі күні облыстың қосымша білім беру ұйымдарының желісі 71 бірлікті құрайды, оның ішінде 44 білім беру жүйесінде 27 бірлік - мәдениет және спорт жүйесінде.

Облыс бойынша балаларды қосымша біліммен жалпы қамту 94% (94 154 баланы) құрайды, оның ішінде тегін үйірмелер және секциялармен 83 307 оқушы (85%) қамтылған.
Ақпарат үшін:
- 7 оқушылардың шығармашылық сарайлары,
- 5 жас техниктер, натуралистер, туристер станциялары,
- 1 Шығыс Қазақстан халқының тілдері мен мәдениетін түлету мектебі,
- 22 балалар музыка, көркемөнер, өнер мектептері,
- 11 балалар сауықтыру лагерлері (оның ішінде – 8 агерь БҰДБ),
- 27 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі,
- 1 біріктірілген балалар аула клубы (27 БАК).
Қосымша білім беру ұйымдарындағы үйірмелер саны - 861, онда 47 954 (48,9%) оқушы айналысады.
Қосымша білім беру ұйымдарының қызметі үйірме бірлестіктерінің сабақтары, үйірмелер жұмысы, түрлі бұқаралық іс-шаралар, ғылыми-зерттеу жұмыстары, жобалық іс-шаралар, экспедициялар, жазғы демалысты ұйымдастыру және күндізгі уақытта балалардың бос уақытын ұйымдастыру түрінде жүзеге асырылады.
Жалпы білім беретін мектептерде 3 970 үйірме жұмыс істейді. Барлық үйірмелер тегін. Үйірмелермен 36 067 (36,8%) балалар қамтылған.
Қосымша білім беру саласында балаларды мектептен тыс жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында мемлекеттік тапсырыс механизмі енгізілген. 2025 жылы спорттық, шығармашылық тапсырыстармен – 8 133 (8,3%) оқушы қамтылды.

Қосымша білім берудің мектептен тыс ұйымдарында 970 педагог жұмыс істейді (638 (66%) жоғары педагогикалық білімі, 141 (14,7%) жоғары арнаулы, 178 (18%) орта арнаулы білімі, 178 (18%), 13 (1,3%) орта білімі бар).
Педагогикалық шеберлікті арттыру шаралары жүргізілуде, 970 қосымша білім беру педагогының 340 қосымша білім берудің республикалық оқу-әдістемелік орталығының базасында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Қосымша білім берудің маңызды көрсеткіштерінің бірі балалардың бұқаралық спорт түрлерімен айналысуға тартылуы болып табылады.
ШҚО білім беру мекемелерінің базасында 62 643 (64,2%) оқушыны қамтитын спорттың әр түрлерінен 2 423 тегін спорт секциялары жұмыс істейді.
Білім беру ұйымдарында 318 спорт, 185 волейбол, 169 баскетбол, 221 футбол алаңдары және 2 суға жүзу бассейндері бар.
Жыл сайын Шығыс Қазақстан аумағында дәстүрлі көпкүндік «Қазақстан оқушысы» веложарысы және шайбалы хоккейден «Жұлдызша» балалар мен жасөспірімдердің республикалық жарыстары өтеді.

Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге ерекше көңіл бөлінеді. Осы мақсатта облыста 1 943 оқушыны қамтитын 95 «Жас Сарбаз» мамандандырылған сыныптары ашылды. Сондай-ақ, 6 152 курсантты қамтитын 265 әскери-патриоттық спорт клубтары мен әскери-патриоттық бірлестіктер жұмыс істейді.
Оқушыларды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу мақсатында «Жас Ұлан» және «Алау» әскери-спартакиадасы, «Айбын» әскери-патриоттық оқу-жаттығу жиындары, әскерге шақырылғанға дейінгі жастар арасында судан құтқару көпсайысы бойынша облыстық турнирлер сияқты облыстық іс-шаралар өткізіледі.
«Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтары мен сыныптары әскери бөлімдермен, ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, интернационалист-жауынгерлер кеңестерімен, аймақтық дене шынықтыру және спорт, қорғаныс істері органдарымен, ҚР ІІМ ТЖК Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасақтарымен бірлесе жұмыс істейді.

Білім басқармасы облыстық және республикалық деңгейдегі маңызды имидждік іс-шараларды өткізеді. Қосымша білім беру бойынша барлық іс-шаралар білім алушылар тұлғасының рухани мәдениетін, тұрақты өмірлік ұстанымды қалыптастыруға бағытталған.
Іс-шараларға тек жалпы білім беретін мектеп оқушылары ғана емес, сонымен қатар облыстың ЖОО және колледж студенттері де белсенді қатысады.
2024 оқу жылының қорытындысы бойынша ШҚО-да қосымша білім беруде барлығы 8661 оқушыны қамтитын 72 облыстық іс-шара өткізілді, сондай-ақ 381 оқушы 32 Республикалық конкурстар мен жарыстарға қатысып, оның ішінде облыстық іс - шараларда – 5022 оқушы, республикалық жарыстарда барлығы - 141 оқушы жүлдегер болды (26 оқушы - 1орын, 46 - 2 орын, 69 - 3 орын).

Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің толыққанды демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым міндеттерінің бірі болып табылады.
Жазғы демалыс, балалардың денсаулығын нығайту және жұмыспен қамту Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «2020-2023 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 1-р өкімі негізінде, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 98 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
2024 жылы жазғы қала сыртындағы лагерьлер желісі 12 (11 ауысымдық, 1 жыл бойы), оның 9-ы мемлекеттік, 3-і жекеменшік лагерьді құрады.
Жазғы демалыс кезеңінде қала сыртындағы балалар лагерьлерінде 8 575 оқушы, 270 мектеп жанындағы лагерьлерде – 23 149 оқушы, 204 бейіндік алаңдарда және басқа жобаларда – 61 840 бала демалды.
Сонымен қатар, жазғы демалыс кезінде қосымша білім беру ұйымдарында жалпы саны 33 694 баланы қамтитын пікірталас алаңдары, шығармашылық студиялар, спорт секциялары жұмыс істеді.
Жас натуралистер станцияларының базасында далалық экологиялық мектептер оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жұмыс істеді, 750 жас зерттеуші экологиялық мониторингке қатысты.
Ауладағы жасөспірімдер үйірмелерінде облыс мектептерінің 3 500 оқушысы үшін коворкинг орталықтары мен әртүрлі ортақ қызығушылықтар бойынша студиялар жұмыс істеді.
Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер мен киелі жерлерге экспедициялар мен туристік маршруттарға (оның ішінде онлайн) 32 346 оқушы қатысты.
«Жаздық жолдама» республикалық жобасы аясында ауылдық жерлерден келген 5-8 сынып оқушылары-оқу үздіктері, олимпиадалардың, конкурстар мен жарыстардың 689 бала жеңімпаздары мен лауреаттары «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаражаты есебінен «Дарын» лагерінде демалды.
Жыл бойы жұмыс істейтін Алматыдағы «Бөбек» және Щучье мен Қонаев қалаларындағы «Балдәурен» ұлттық білім беру және сауықтыру орталықтарында 315 бала тегін демалды.
Атырау облысынан, су басқан өңірлердің балаларынан 10-15 жас аралығындағы 60 оқушы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің шақыруымен «Дарын» балалар лагерінде демалды. Балаларға оқу жылының басталуына дейін демалуға және позитивпен қуаттануға мүмкіндік беретін бағдарлама ұсынылды.
Жыл сайын жетім балалар санатындағы оқушылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, қорғаншылық пен патронаттағы балалар, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар 100% (18 587 оқушы) жазғы демалыспен қамтылды.
Ағымдағы жылы өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында Самар ауданында жазғы демалыс кезінде жұмыс істеп тұрған «Балауса» лагерінің базасында облыс мектептерінің 7-8 сынып оқитын 45 оқушысы үшін әскери-спорттық лагерь ұйымдастырылды. Дәстүрлі қызмет түрлерімен қатар лагерь бағдарламасына әскери-тактикалық ойындар, жорықтар, әскери қызметшілермен кездесулер, спорттық жарыстар болды.
2023 жылдан бастап жазғы демалыс кезінде «Қонақжай отбасы» жобасы жүзеге асырылуда. Биылғы жылы жобаның географиясы 3 ауданда (2023 ж. – 1 аудан) 50 отбасы (2023 – 34 отбасы) қамтылған және 120 (2023 – 67 бала) баланы қамтитын 3 елді мекеннен 6 елді мекенге дейін кеңейді. Жоба балаларды ерекше, өте тиімді форматта – тілдік ортаға толығымен тереңдете оқыта отырып, практикалық қазақ тілін оқытуды көздейді. Сонымен қатар, қызықты бағдарлама балаларға туған өлкенің тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрлері бойынша өз сабақтарын кеңейтуге, қазақ халық аспаптарында ойнауға, киелі орындар мен тарихи ескерткіштерге баруға мүмкіндік береді.
Облыстың әрбір мектептен тыс ұйымдары мен балалар сауықтыру лагерьлерінің қызметі тұрақты түрде әртүрлі интернет-платформаларда, әлеуметтік желілерде (Telegram, WhatsApp, Skype, Instagram және т.б.) қалалар мен аудандардың сайтында қамтылып отырды.
Бүкіл жаз мезгілінде «Жаз қызығы – көңілді демалыс» атты балалардың демалысын, сауықтыруын және жұмыспен қамтылуын қамту мақсатында
PR-науқаны жүргізілді.
Жазғы демалыс кезеңіне 2 489 педагог қызметкер, 250 медицина қызметкері, сондай-ақ колледж білім алушылары мен ЖОО студенттері қатарынан педагогикалық жасақтар тартылды.
Білім беру ұйымдарындағы спорт секциялары санаттарға қарамастан, барлық балалар үшін тегін негізде өткізілді. Мемлекеттік спорт объектілеріндегі Барлық сабақтар жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына, ЖОО мен колледж студенттеріне, спорт мектептерінің тәрбиеленушілеріне, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына тегін берілді.
Жазғы кезеңде балалар көркем-эстетикалық, сәндік-қолданбалы, ғылыми-техникалық, туристік-өлкетану, экологиялық - биологиялық және спорттық бағыттағы түрлі конкурстар мен жарыстарға қатысуды жалғастырды.
Демалыс бағдарламасына кіретін барлық іс-шаралар балалардың шығармашылық және зияткерлік іске асырылуына, отбасылық құндылықтарды нығайтуға, өмірлік қиын жағдайда балалар мен отбасыларға арналған қайырымдылық іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталған.

Осылайша, үйлесімді жұмыс пен жүйелі тәсілдің нәтижесі бос уақытты мазмұнды ұйымдастыру сапасын арттыру және балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру болып табылады. https://shygysdaryn.kz/