Кәсіптік білім беру

2026 жылы Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 37 колледж жұмыс істейді, оның ішінде 22-сі мемлекеттік, 15-і жекеменшік. Колледждерде 19 мыңнан астам студент білім алуда, оның ішінде 16 900 студент мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқиды. Мамандар даярлау 77 мамандық бойынша жүзеге асырылады. Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 1760 инженерлік-педагогикалық қызметкер жұмыс істейді.

2026–2027 оқу жылында колледждерге 6859 студент қабылданды, оның ішінде 5541 студент мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, 990 студент нысаналы тапсырыс бойынша оқуға түсті.

Колледждер бизнеспен әріптестік байланыстарды белсенді дамытуда. Бүгінде мамандар даярлау ісіне 900-ден астам кәсіпорын қатысады. Дуальды оқыту 27 колледжде 49 мамандық бойынша енгізіліп, 6077 студентті қамтып отыр.

Ірі бизнес тарапынан 203 кәсіпорын колледждерге қамқоршылық көрсетуде. Олардың қатарында «Қазцинк» ЖШС, «Kaz Minerals Aktogay» ЖШС, «Согра ЖЭО» ЖШС, «Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ және өңірдің басқа да кәсіпорындары бар.

Өнеркәсіптік кәсіпорындармен ынтымақтастықты нығайту мақсатында 16 колледж бен білікті кадрлар даярлаудағы жетекші стратегиялық серіктес – «Қазцинк» ЖШС біріккен Альянс жұмыс істейді.

Студенттердің кәсіби шеберлігін дамыту мақсатында жыл сайын WorldSkills өңірлік чемпионаты өткізіледі. Чемпионаттағы құзыреттіліктер саны мен қатысушылар қатары жыл сайын артып келеді.

Биыл облыс құрамасы республикалық чемпионатқа 33 құзыреттілік бойынша қатысады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс құрамасы республиканың үздік он командасының қатарына еніп, 2 алтын, 6 күміс, 2 қола медаль, сондай-ақ «Үздік маман» аталымы бойынша 10 медальон жеңіп алды.

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Іске асырылып жатқан жобалар

Бағыт бойынша барлық жоба