Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жалпы орта білім беруді дамыту

Орта білім беру жүйесінде 194914 оқушы құрамы бар 644 мектеп жұмыс істейді.

Жаңартылған мазмұнға көшу аяқталды. Бүгінде оқушылардың 100%-ы жаңа бағдарламалар бойынша білім алуда.

«Nur Otan» партиясының «Балаларға арналған тегін ІТ-сыныптар» бастамашыл жобасын іске асыру шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы ашылған IT-сыныптар саны бойынша сөзсіз көшбасшы болды. Қазіргі уақытта облыста 644 IT-сынып, оның ішінде 277 робототехника кабинеті жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде, 2021 жылы облыста 100 мектеп жаңғыртылды.

Жалпы сомасы 377,1 млн.теңгеге 18 білім беру мекемесінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, 250 пән кабинеті сатып алынды, 84 мекемеде 436,3 млн. теңгеге мектеп жиһазы жаңартылды, 223,7 млн. теңгеге 90 мекемеде кітапханалар, 106,7 мың теңгеге 87 мекемеде асханалар жаңғыртылды, 340,5 мың теңгеге 82 мекеменің қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

Білім беру ұйымдарында балалар үшін қауіпсіз жағдай жасау басты мәселе. Осы мақсатта облыстың жалпы білім беретін мектептері мен мектепке дейінгі мекемелерінің 100%-ы бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған.

Облыс орталығы мен аудан орталықтарында орналасқан 184 мектеп қауіпсіздікті қамтамасыз етудің техникалық құралдарымен жабдықталған (турникеттер мен дабыл түймелері орнатылған, мамандандырылған күзетпен шарттар жасалған).

7 мектепте күрделі жөндеу, 130 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2021-2022 оқу жылында облыс бойынша оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету 100%-ды құрайды. 517 мың дананы жеткізуге 13 баспамен шарт жасалды.

1-сынып оқушылары үшін болжамды 19 552 балаға 23 250 жиынтыққа тапсырыс берілді.

Облыс мектептерінің компьютерлік паркі 54 657 бірлік техникамен жабдықталған. 1 компьютерге оқушылар саны – 3,5.

2021-2022 оқу жылында облыстың 576 мектебінде 192 255 оқушыға ыстық тамақ ұйымдастырылды, оның ішінде аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 34 534 бала бар.

Облыста мектептері жоқ 225 елді мекеннен 5514 бала 134 білім беру ұйымына 218 автобуспен жеткізіледі. Соңғы үш жылда 94 автобус, оның ішінде 2021 жылы 26 автобус сатып алынды.

Шығыс Қазақстан облысының барлық 644 мектебінде 2271 мұғалім Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының нормативтік құқықтық актілеріне және нұсқаулық-әдістемелік құжаттарына сәйкес 34 сағат көлемінде 1-11 сыныптарға «өзін-өзі тану» пәнінен сабақ береді.

ҚР БҒМ «Бөбек» ҰҒПББСО-да 2021 жылы өзін-өзі танудың 59 оқытушысы ұзақ курстардан өтті. Оның ішінде: сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар (340 сағат) – 39 мұғалім, сыныптың біртұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар (340 сағат) – 7 мұғалім, мектептің біртұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар (340 сағат) – 3 мұғалім, пилоттық және базалық білім беру ұйымдарының 10 директоры қысқа мерзімді (36 сағат) біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Документы
Новости
Полезные материалы
Жалпы орта білім беруді дамыту
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

facebook
Instagram
ВКонтакте

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы