2024 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Алтай қаласы әкімінің аппараты» ММ қызметі туралы есеп

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің енгізілген 2020 жылғы 31қаңтардағы № 39Н/Қ өзгерістері мен толықтыруларымен 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 – қаулысына сәйкес «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Алтай қаласы әкімінің аппараты» ММ, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтің              4 түрі көрсетіледі.

         2024 жылы Алтай қаласы әкімінің аппараты 253 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның 22-сі заңды тұлғаларға.

          - көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс арқылы ақпараттық жүйелер арқылы – 58;

          - «электрондық үкімет» порталы арқылы – 195;

          «Электрондық үкімет порталы» арқылы электронды форматта көрсетілген қызметтердің баламалы негізде көрсетілген қызметтер санының үлесі 77 %-ды құрады.

          Жыл ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жоқ.

Дата публикации
10 апреля 2025