«Алтай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заң бөлімінің бас маманы (01-08/3)

Мемлекеттік орган

Алтай ауданының әкімдігі

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

E-4

Орташа лауазымдық айлықақы

100696 - 136444

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Құқық қорғау қызметі

Функционалды міндеттер

Алтай ауданының терроризмге қарсы комиссиясының жұмысын ұйымдастырады.Алтай ауданындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысын ұйымдастырады. Ауданда құқық бұзушылықтың алдын алуды жүзеге асыру бойынша атқарушы және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасайды. Қылмыстық жазаны және өзге де құқықтық ықпал ету шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі комиссияға қатысады. Аудандағы криминогендік жағдай бойынша талдау материалдарын, аудан әкіміне ақпарат дайындайды.

Құқық бұзушылықтың, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі бағдарламалық құжаттарды орындау бойынша жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді. Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру бойынша жыл сайынғы іс-шараларды әзірлейді және іске асырады. Аудан әкімі аппаратындағы жалпыға міндетті құқықтық оқытуды ұйымдастыруға қатысады. Алтай ауданы аумағындағы құқықтық түсіндіру жұмыстары, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту және тәрбиелеу бойынша бағдарламалық құжаттарды орындау бойынша жұмысты үйлестіреді. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 16.04.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.04.2021 – 27.04.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

29.04.2021

Сұхбаттасу орны

«Алтай ауданы әкімінің аппараты» ММ, Шығыс Қазақстан облысы Алтай қ. Тәуелсіздік к., 20. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

тел. 8(72335) 61370, 62829, факс 8(72335) 63344