«Ұлы Абай – халық жүрегінде» жалпыреспубликалық диктанты

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті тарапынан «Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспардың» 21-тармағын орындау үшін 2020 жылғы 11 қыркүйекте «Ұлы Абай – халық жүрегінде» атты жалпыреспубликалық диктант өткізілді.
Осы диктантқа Алтай ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ оқытушылары, осы орталықтың тыңдаушылары да қатысты.
Диктант қазақ тілінде жазу сауаттылығының деңгейін көтеру мақсатында ұйымдастырылған. Жазба жұмысы қолданыстағы әліпби (кирилл қарпіндегі) негізінде жазылды.
Алтай ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ