1 қыркүйек - кітаптар, гүлдер, достар мерекесі

1 қыркүйек - кітаптар, гүлдер, достар мерекесі

2020-2021 оқу жылында Алтай ауданының барлық білім беру мекемелерінде алғашқы қоңырау мерекесі дәстүрден тыс форматта өткізілді. «Білімді ұрпақ - жарқын болашақ» тақырыбы аясында Тәуелсіз Қазақстан Конституциясының 25 жылдығына және Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған сынып сағаттары барлық мектептерде қашықтықтан өткізілді. Оқушылар «Біз денсаулықты таңдаймыз» онлайн-дауларына белсенді қатысты, «Денсаулықтың құпиясы неде» тақырыбында өз көзқарастарын білдірді. Мектеп оқушылары тарихта алғаш рет білім күнін отбасыларымен өткізді, ата-аналар балаларына пандемия жағдайында қашықтықтан оқытудың маңыздылығы туралы айтты.