Алтай ауданының ауруханасында ангиографиялық блок ашылды

Алтай ауданының әкімі К.Байгонусов ангиографиялық блокқа барып, пациенттердің бірінің жүрегіне жасалып жатқан отаны өз көзімен көріп қайтты.
Стационар негізінде заманауи диагностика жүрек-қан тамырлары ауруларының профилактикасы және оларды кешендік емдеу үшін барлық жағдай жасалған. Ангиографтың көмегімен мамандар тамырларға және жүрекке ота жасауды бастады. Ангиографиялық блок Алтай, Катон Қарағай және Күршім аудандарының тамыр патологиясы бар тұрғындарына емдеу жүргізеді және кең инфаркке жол бермей адамдарды ауыр жүрек ауруларынан құтқарады.