Тұрғын үйлер салуда

Тұрғын үйлер салуда

Алтай ауданы бойынша тұрғын үй алу кезегінде 1159 адам тұр, оның ішінде әлеуметтік-осал – 945, оның ішінде 24 көп балалы отбасы. Алтай ауданының әкімі К.Байгонусов 10 микроаудандағы көп балалы отбасыларға арналған тұрғын үй құрылысының барысымен танысты.

Жеке құрылысшылар есебінен жаңа тұрғын үй салу арқылы көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін Алтай қаласында 5 жеке тұрғын үй құрылысына «КазИнвестЛидер»,  «Новатор-5»  - 1 дом ЖШС, «ЖЕЕБ» - 1 дом ЖШС меморандум бекітілді.

Жеке тұрғын үйдің нобайлы жобасы әзірленді. Құрылысқа арналған жер учаскелері рәсімделді, аумақты тік жоспарлау жұмыстары жүргізілді, инерттік материалдар әкелінді, іргетас құрылысы жүргізілуде, материалдар(газоблоктар) сатып алынып, әкелінді. «Новатор-5» ЖШС сэндвич-панельден жасалған құрама үйге тапсырыс берді.