Облыс әкімінің Серебрянкаға жұмыс сапары

5 тамызда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов жұмыс сапарымен Серебрянск қаласында болып қайтты. Өңір басшысы қалалық ауруханада, СБӨЗ, Жылу орталығында, көп қабатты үйлер аулаларында және жеке секторда болды.
Облыс әкімі қолдауының арқасында қаланы абаттандыруға облыс бюджетінен 300 млн теңге бөлінді. Қалада жаңа балалар және спорт алаңдары орнатылды, саябақтар абаттандырылды, көшелерге, аулаларға және тұрғын үй қорларына жөндеу жүргізілуде. Көп кешікпей қала тұрғындары үшін бұрынғы СБӨЗ әкімшілік ғимаратында Мәдениет үйінің ашылуы жоспарлануда. 4 мың шаршы метрден артық аумақта балалар және спорт үйірмелері, музыка мектебі және әртүрлі секциялар орналастырылады. 300 орынға арналған акт залы салынады. Қала тұрғындары заманауи жайлы мәдениет орталығына ие болады. Қосымша 100-ден аса жұмыс орны пайда болады.
Облыс әкімі Д.Ахметовтың өкімі бойынша Серебрянканың қалалық ауруханасына мониторлар, инфузоматтар және басқа қажетті жабдықтар жеткізіледі. Қазір медицина мекемесінде қатты дауылдан зардап шеккен шатыр жөндеуі ақталып қалды.
Жақын аралықта Серебрянск қаласының көп қабатты үйлерінің біріне жөндеу жүргізіледі және 3 көп балалы отбасы мен 17 әлеуметтік топ отбасылары пәтер алады. Сонымен қатар қалада жеке секторды жылу орталығына қосу жұмыстары жүргізілуде.