Тоғыз қабатты үйдегі лифтерді ауыстырды

Тоғыз қабатты үйдегі лифтерді ауыстырды

Курчатов көшесіндегі тоғыз қабатты үй тұрғындары соңғы жылдары жолаушылар лифтісінің сынуына байланысты өз үйлеріне айтарлықтай жиі баспалдақпен жаяу көтерілуге мәжбүр болды. Ескі лифт 25 жылдан астам уақыт істеді, ал соңғы жылдары жиі-жиі тоқтап қалатын болды.

Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша Курчатов к-сі, 1/1 тоғыз қабатты үйге жаңа жолаушылар лифтін орнату аяқталды. Жұмысты Өскемен қаласының «Лифтекс» мердігер ұйымы жүргізді.

Бұл уақиғаны Курчатов көшесінде орналасқан үй тұрғындары бес жылдан астам уақыт күтті. Екі жолаушылар лифтін ауыстыру республикалық бюджетке 18 313 мың теңгеге түсті. Үй тұрғындары үйдің ортақ мүлкіне лайықты баға берді және жаңа лифтердің ұзақ жылдар бойы қызмет етуі үшін барлық жағдайды жасайды.

О.Прокопьева, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері