Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі.

Ұлттық конкурс адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады.

Өтінімдер аудандық (қалалық) комиссияға  2024 жылғы                15 мамырдан бастап 15 маусымды қоса алған мерзімге дейін беріледі. 

Конкурс екі кезеңде өткізіледі:

Бірінші – аудандық (қалалық) кезең (15 маусымнан 30 маусымға дейін).

Екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана)  (1 шілдеден 15 шілдеге дейін). 

Ағымдағы жылдан бастап облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялардың шешімдері негізінде жеңімпаз отбасыларға «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы беріледі.

Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімі қыркүйек айында Астана қаласында салтанатты түрде өтеді.

Конкурсты ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен жергілікті атқарушы органдар, ШҚО ішкі саясат басқармасы, Алтай ауданының ішкі саясат бөлімі.

Толық ақпарат алу үшін 872335(40155) телефондарына хабарласуға болады.

Қызмет бағыты