14.05.2024 ж. «Алтай ауданының Жастар ресурстық орталығы» КММ Орман шаруашылығы қызметкерлерімен бірлесіп Парыгино а/о маңында «Жасыл аймақ» экологиялық акциясына қатысты, 2000-нан астам көшет отырғызылды. «Алтай ауданының Жастар ресурстық орталығы» КММ волонтерлері, «Алтай қаласының Технологиялық колледжі» КММ студенттері және «Алтай жоғары колледжі» Мекемесі белсенді қатысты. Біздің әрқайсымызда ағаш отырғызу, табиғатты қорғау ұйымдарын қолдау немесе табиғатқа саналы көзқарасты насихаттау арқылы ормандарды сақтау мен қалпына келтіруге үлес қосу мүмкіндігіміз бар.