Бетперде режимі – инфекциялық аурулардың таралу қатерін төмендету үшін пайдаланылатын профилактика шараларының бірі

Бетперде режимі – инфекциялық аурулардың таралу қатерін төмендету үшін пайдаланылатын профилактика шараларының бірі

Бетперде режимі – инфекциялық аурулардың таралу қатерін төмендету үшін пайдаланылатын профилактика шараларының бірі. Алтай ауданында шектеу шараларының ішінара алынуына қарамастан маска режимі сақталуда.

Аудан әкімінің орынбасары Т.Жигитаев басқарған мониторинг тобы қоғамдық орындарға (дүкенге, дәріханаларға, медицина мекемелеріне)  барған кезде; қоғамдық көліктерде және аялдамаларда қоғамдық көлікті күту кезінде   міндетті түрде бетперде кию керектігін; таксилерде жолаушылар саны шектеулі болуына қарамастан таксиде де бетперде кию керектігін тұрғындардың есіне салды.

Коронавирус инфекциясының пайда болуына жол бермеуді тек осылайша ғана жүзеге асыра аламыз, деп баса айтты Т.Жигитаев.