2022 жылға арналған Алтай ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп – ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

2022 жылға арналған  Алтай ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп – ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және              өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы    23 қаңтардағы Заңының 6 – бабы 1 – тармағының 15) тармақшасына,  «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының  1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-3 – бабының 1 – тармағына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2022 жылға арналған Алтай ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға шығыстардың ең төмен мөлшері 33 (отыз үш) теңге көлемінде тұрғын емес үй – жайдың пайдалы алаңының бір шаршы метріне есебінде бекітілсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Алтай  ауданының

мәслихат хатшысы                                    Л. Гречушникова