Көшелерді жарықтандыру мен абаттандыру жұмыстарына және бөлінген қаражаттың дұрыс игерілуіне мониторинг жүргізу.

«Алтай – Адалдық аланы» жобалық кеңсесі 2022 жылдың 18 сәуірінде көшелерді жарықтандыру, абаттандыру және Алтай қаласына бөлінген қаражаттың дұрыс игерілуіне мониторинг жүргізді.
Алтай қаласын көгалдандыру жоспары бойынша-қаланың гүлзарларында түрлі тұқымды гүлдерді отырғызу, отау, суару, сондай-ақ Алтай қаласының аумағында әртүрлі ағаш көшеттерін отырғызу, апатты ағаштарды кесу жүргізілетін болады.
«Алтай қаласы әкімінің аппараты» ММ 2022 жылы 34 ағаш (терек) кесуді жоспарлап отыр. Осы ағаштарға тексеру актісін жасау арқылы тексеру жүргізіледі. Комиссия қорытындысының негізінде бұл ағаштар авариялық деп танылып, кесуге дайындалады
Алтай қаласы әкімінің орынбасары Құралай Әділбекқызы Ахметова ұсынған ақпаратқа сәйкес, Алтай қаласын абаттандыру мен көгалдандыруға 8 000,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінген.
Алдағы уақытта Алтай қаласын көгалдандыру бойынша іс-шаралар жоспарланған. Тізімге штаттан тыс жағдайларға сәйкес өзгерістер енгізілуі мүмкін.
«Алтай қаласы әкімінің аппараты» ММ бүгінде Алтай қаласының тұрғындарынан басқа ағаштарды кесуге өтінімдерді қабылдай алмайды, өйткені бұл қызмет Мемлекеттік қызмет болып табылады және «электрондық үкімет порталы» арқылы рәсімделеді.
Алтай қаласының көше жарығын ұстаумен «ОЭСК»АҚ АЭЖ айналысады. Алтай қаласы бойынша 2022 жылы 29 көшеде (42,5 км) заманауи энергия үнемдейтін LED шамдарын (1447 дана) орнату арқылы көше жарығын жаңғырту жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, 2022 жылы:
- Ломоносов көшесі бойынша көше жарығын орнату-23 000,0 мың теңге (жұмыстарды орындау мерзімі 2022 жылғы мамыр-шілде).
Алтай қаласын абаттандыру бойынша 2022 жылы Тәуелсіздік аллеясындағы саябақ орындықтарын жөндеу, Ломоносов көшесін жарықтандыру, Рудный көшесі 31/1-31/7 көппәтерлі үйлердің аулалық жолын жөндеу жоспарлануда,
Алтай қаласының көшесін жарықтандыру жұмысында іркілістер болған жағдайда 6-59-56, 6-59-62 нөмірлері бойынша қоңырау шалуға болады.
Ақша қаражаттарының қозғалысы Алтай қаласы әкімінің жеке бақылауында
Қазіргі уақытта қала мен Алтай ауданының көшелерін жарықтандыру қанағаттанарлық жағдайда.
«Алтай-Адалдық аланы» жобалық кеңсесі осы бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да өз бақылауында ұстайды.
«Алтай – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі