Мемлекеттік бағдарламалар аясында шағын және орта бизнес субъектілерін мемлекеттік қолдау

Мемлекеттік бағдарламалар аясында шағын және орта бизнес субъектілерін мемлекеттік қолдау

Шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту үшін мемлекетімізбен «Бизнестің жол картасы - 2025», «Ақ Ниет», «Қарапайым заттар экономикасы» және т.б. мемлекеттік бағдарламалардың іс-шараларын іске асыру арқылы қаржылық қолдауды жүзеге асырады.

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында ШОБ субъектілеріне қаржылық және қаржылай емес қолдау көрсетіледі.

ШОБ субъектілері үшін қаржылық қолдау аясында соңғы қарыз алушы үшін 6%-бен несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау көзделген, ал айырманы мемлекет төлейді. Субсидиялау жүзеге асырылатын несиенің жоғарғы шегі бір қарыз алушыға 7 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды және салалық шектеулер (саудадан басқа) алынып тасталды. Несиені ұсыну мерзімі - 5 жылға дейін.

Кепіл мүлікпен қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда, Банктен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – «Даму» қоры) кепілдігімен ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін 85%-ға дейін, жұмыс істеп тұрған бизнес үшін 50%-ға дейін несие алуға болады.

Шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері үшін бірінші бағыт аясында портфельдік субсидиялау және кепілдік беру көзделген, бұл ретте бір қарыз алушыға лимит 20 (жиырма) млн теңгені құрайды және кепілдік мөлшері несие сомасының 85%-ын құрайды. Кепілдік мерзімі несие мерзімінен аспауы тиіс.

Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын іске асыру аясында кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру жүзеге асырылады, кәсіпкерлердің құзыретін арттыру үшін кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту жүргізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп «Ақ Ниет» ШОК субъектілерінің жобаларын жеңілдікті қаржыландырудың өңірлік бағдарламасы іске қосылды. Осы бағдарлама бойынша бір кәсіпкерге жылдық 7,0% мөлшерлемемен несиенің максималды сомасы - 100 млн теңгеге дейін. Инвестицияларға несие беру мерзімі - 84 айға дейін, айналым қаражатын толықтыруға - 36 айға дейін.    

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының негізгі мақсаты келесі 4 бағытты көздейді:

1) Әлеуметтік-мәдени саланың инфрақұрылымдық жобаларын, инженерлік-көліктік, өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын іске асыру есебінен халықтың өмір сүру сапасын арттыру;

2) шағын, орта бизнесті дамыту, соның ішінде отандық тауарларды, көрсетілетін қызметтерді өндіру және жұмыс орындарын құру үшін «Бастау Бизнес» жобасы түлектерінің бизнес-жоспарларын қаржыландырудың (микрокредиттеудің) қолжетімділігін арттыру;

3) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту;

      4) өңірлерде бизнесті дамыту.

Жұмыспен қамтудың жол картасы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында халыққа (өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға) микронесие беруді, қалалар мен моноқалалардағы ШОБ субъектілеріне несие беруді және кепілдік беруді көздейді.

         Аз қамтылған және/немесе көп балалы отбасы мүшелеріне несиелер/микронесиелер беру шарттары:

         1) несие/микронесие мерзімі - жеті жылға дейін;

         2) қамтамасыз етудің бар болуынан бастап несиенің/микронесиенің ең жоғары сомасы - 8,0 мың АЕК-ке дейін (24 млн теңге);

         3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 4% - дан аспайды.

Несие/микронесие мерзімі 5 жылға дейін, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар үшін несие/микронесие мерзімі - 5 жылға дейін;

Микрокредиттің ең жоғары сомасы 300(үш жүз) млн.теңгеден аспайды.

Номиналды сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 9,5%-дан аспайды, АӨК желісі бойынша субсидиялау.

Кеңес алу үшін ШҚО Кәсіпкерлер палатасының Алтай аудандық филиалына 6-31-00 телефоны бойынша немесе «Алтай ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 6-24-14, 6-39-92 телефоны бойынша хабарласуға болады.

 

«Алтай ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ