«Ересектерге тілді  шет тілі немесе екінші тіл ретінде оқытушы  ұстаз әдіс – тәсілдерінің  жәрмеңкесі»

«Ересектерге тілді  шет тілі немесе екінші тіл ретінде оқытушы  ұстаз әдіс – тәсілдерінің  жәрмеңкесі»

2021  жылғы  22 маусымда  Риддер  қаласының  «Тілдерді оқыту орталығы» КММ «Ересектерге тілді  шет тілі немесе екінші тіл ретінде оқытушы  ұстаз әдіс – тәсілдерінің  жәрмеңкесі» атты облыстық семинар – тренингі өтті.

Осы шараға Алтай ауданының «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-ның  директоры Г.А. Рамазанова және осы орталықтың оқытушысы З.Б. Маутиева қатысты.

Г.А. Рамазанова «Мультмедиялық технологияларды орталықтың жұмысында қолдану: Алтай қаласының тілдерді оқыту орталығының тәжірибесінен» атты  тақырыпта баяндама жасады. Ал оқытушы З. Маутиева «Ересектердің айтылым және тыңдалым дағдыларын дамытуға арналған жаттығулардың  жаңа бағыттары» атты тақырыпта тренинг өткізді.

Семинар – тренингке қатысқан облыстың тілдерді оқыту орталықтарының баяндамашылары арасынан  Г. Рамазановаға  «ҮЗДІК БАЯНДАМА»  жасағаны үшін  I дәрежелі ДИПЛОМ табысталды.

З. Маутиеваға тренинг өткізіп, шараны ұйымдастыруға атсалысқаны үшін МАДАҚТАМА  берілді.

Шараға қатысқан облыстың тілдерді оқыту орталықтарының директорлары мен оқытушылары мемлекеттік тілді оқытудағы тиімді әдіс – тәсілдері қолдану туралы ойларын айтып, тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар- тренинг соңында қатысушыларға Сертификат табысталды.