«Халық шебері» онлайн-фестивалі

Шығыс Қазақстан облысында алғашқы рет «Халық шебері» онлайн фестивалі өтті. Оған еліміздің әр өңірінен және алыс шетелдерден келген 50-ден астам шеберлер қатысты. Соның ішінде өздерінің шығармашылық жұмыстарын Алтай ауданының «Горняк» МБУО қызметкерлері белсенді түрде ұсынды.
Фестивальді ШҚО кәсіпкерлер палатасының қолдауымен "Бақытты отбасының халықаралық институты" ұйымдастырды. Халық шығармашылығының фестивальдері бұрын да өткізілген, бірақ онлайн форматта мұндай фестиваль алғаш рет өтті. Faceeboоk әлеуметтік желісінің бір алаңында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген адамдар өз шығармашылықтарын жазылушылардың кең ауқымына ұсына алды, ал көрермендер халық шеберлерінің бай мәдени әлеуетімен танысты.
Серебрянск қаласы Мәдениет үйінің (О. Байгазова, Т. Селина) ; Парыгино ауылы мәдениет үйінің (О. Мылевская, Н. Беляева, Н. Никшин); Октябрьск кенті клубының (А. Бородулиха); Полянское ауылы клубының (О. Чахно) қызметкерлері өз жұмыстарын ұсынды.
Алғашқы республикалық«Халық шебері» фестиваліне қатысушылардың әрқайсысы қолөнерді дамытуға қосқан үлесі мен белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.