«Кедергісіз келешек» «Будущее без барьеров» партия жобасын іске асыру аясында «Нұр Оtan»

«Кедергісіз келешек» «Будущее без барьеров» партия жобасын іске асыру аясында «Нұр Оtan» партиясының Алтай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Алтай ауданы әкімінің орынбасары Ж. Аскарованың, «Нұр Оtan» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т. Жигитаевтың, білім бөлімінің басшысы Б. Канафинаның, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Т. Шидычтың, аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Л. Голикованың қатысуымен ерекше мұқтаждығы бар азаматтарды қабылдау өтті. «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 3 адам: әлеуметтік қызмет көрсету порталында есту бойынша мүгедек жандарға құралдар тізімдемесін кеңейту жоспарлануда ма, санаториялық-курортттық ем алу мүмкін бе, әлеуметтік қызмет көрсету Порталының қандай мүмкіншіліктері бар, инватакси машинасының қызметін кім пайдалана алады деген мәселелер бойынша жүгінді.
Жүгінгендердің барлығына тиісті кеңестер мен ұсыныстар берілді.