Алтай ауданында су тасқынына дайындық жүріп жатыр

Алтай ауданында су тасқынына дайындық жүріп жатыр

Алтай ауданында су тасқынына дайындық жүріп жатыр. Аудан әкімі К.Байгонусов ауылдық округтерге шығып, Алтай қаласындағы су тасқыны кезіндегі ең әлсіз деген учаскелерде болып қайтты, су басып қаупі жоғары деген жерлер анықталды.

Бүгін, 15 қаңтарда, аудан әкімі К. Байгонусовтың тапсырмасы бойынша әкімнің орынбасары С.Охременко дербес бөлімдер басшыларымен, ауылдық округтер әкімдерімен тасқынға дайындық жұмыстарының барысы туралы кеңес өткізді.

Аудан әкімінің орынбасары әріптестерінің есептерін тыңдап, өткен жылдардың тәжірибесі бойынша гидробекеттердің, арналардың, су өткізгіштердің, көпірлердің осал жерлерін тексеріп, осы мәселені бақылауда ұстауды тапсырды.

Қазірдің өзінде барлық техника, эвабекеттер дайын болуы керек.

2021 жылғы көктемнің су тасқыны кезеңіне дайындықты Алтай ауданының әкімі К.Байгонусов өзінің жеке бақылауында ұстауда.