Мемлекеттік сатып алу саласында заңдылықтың талаптарын түсіндіру бойынша семинар-кеңес

2020 жылғы 15 қыркүйекте Алтай ауданы әкімі аппаратының басшысы О.М. Аңсабаевтың төрағалық етуімен, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, Алтай ауданының тәртіп бойынша өкілі Р.Ш. Хамитовтың, Алтай ауданының қаржы бөлімінің басшысы И.В. Пятышеваның, қалалар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, дербес бөлімдер басшыларының қатысуымен бейне байланыс тәртібінде, қаржылық тәртіпті және мемлекеттік сатып алу саласында заңдылықтың талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңес барысында Алтай ауданы әкімі аппаратының басшысы О.М. Аңсабаев, ауданның мемлекеттік мекемелері арасында қаржылық заңдылықты бұзушылыққа жол берілгендігі жөнінде таныстырып өтті.
Алтай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, Алтай ауданының тәртіп бойынша өкілі Р.Ш. Хамитов, қаржылық және бухгалтерлік құжаттарды келісу кезінде электронды-сандық қолды пайдалану тәртібіне, бірінші басшылардың және жауапты мамандардың қаржылық тәртіпті сақтауларына түсініктеме берді.
Алтай ауданының қаржы бөлімінің басшысы И.В. Пятышева, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жіберген бұзушылықтарымен таныстырды және мемлекеттік сатып алу саласында заңдылыққа енгізілген негізгі өзгерістерге түсініктеме берді.
Алтай ауданының әдеп жөніндегі уәкіл Р. Хамитов