Құрметті аға буын өкілдері, қымбатты ардагерлер! Сіздерді қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!


Бүгін біз ата-анамызға, соғыс және еңбек ардагерлеріне, тәлімгерлер мен аға жолдастарға деген шын жүректен сүйіспеншілігімізді және шексіз құрметімізді білдіреміз, олардың шыдамдылығы, жанашырлығы, қиын-қыстау кездерде ақылмен кеңес беріп, қолдауы үшін алғыс айтамыз.
Қарттарға қамқорлық жасау әрқайсымыздың міндетіміз. Олардың жалғыздықты сезінбеуін қамтамасыз ету біздің қолымызда. Жұмыста немесе зейнет демалысында болсаңыздар да, сіздер бізге өмірдегі ең маңызды сабақтарды, ізгілік пен әділеттілікті, істеріміз бен әрекеттерімізге жауапкершілікпен қарауды үйретесіздер.
Сіздер әрқашан жақсы уақыттарға сеніп, бізге осыны үйреттіңіз. Біз сіздерді мақтан тұтамыз және батылдықтарыңыз бен табандылықтарыңызға бас иеміз.
Осы мейраммен құттықтай отыра, сіздерге мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр, күш-қуат пен шыдамдылық тілегіміз келеді, балаларыңыз бен немерелеріңіз тек қана қуаныш силап, бақытты күндер көп болсын!!!
Алтай ауданының әкімі К.Байгонусов
Аудандық мәслихһат хатшысы Л.Гречушникова
01 қазан 2020
Құттықтау