Қазақстан Республикасының Конституция Күнімен


Құрметті Алтай ауданының тұрғындары!
Ең басты мемлекеттік мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы Күнінің 25 жылдығымен құттықтаймыз!
Благодаря Конституцияның арқасында Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың толық құқықты мүшесіне айналды. Әлем аренасында елімізді байсалды және болжамды іскер серіктес ретінде қабылдайды.
Конституцияны сақтау - бұл мемлекеттің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық татулықтың негізі. Конституцияны құрмет тұтпайынша және оның нормаларын бұлжытпай орындамайынша қоғамдық татулыққа, тәртіпке, бейбітшілікке, тыныштыққа, яғни Отанымыздың игілікті болашағына қол жеткізу мүмкін емес.
Азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін, үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялардың әрекеттерін іске асыру үшін ауданымызда барлық қажетті жағдай жасалады. Ол біз үшін Конституция – нақты жұмыс істейтін заң екендігінің көрнекі дәлелі.
Құрметті жерлестер!
Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт тілейміз.
Әр отбасында тек амандық болсын, ал жаңа жеңістерге ұмтылыс бізді Отанымыз – егеменді Қазақстанның игілігіне өркендеу үшін жаңа табыстарға жетелесін.
Алтай ауданының әкімі К.Байгонусов
Аудандық мәслихат хатшысы Л.Гречушникова
26 тамыз 2020
Құттықтау