Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері Күнімен шын жүректен құттықтаймыз!


Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері Күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Сіздер күн сайын адамдарға денсаулық, қуаныш және бақыт сыйлайсыздар. Сіздердің жұмыстарыңыз қиын және жауапты, адамның өміріне байланысты шешім қабылдай білуді, өздігінен жетілуге және жаңа технологияларды меңгеруге талпынуды талап етеді. Сіздердің жоғары кәсіпқойлықтарыңыз, сезімтал жүректеріңіз бен алтын қолдарыңыз әрдайым емделушілеріңіздің махаббатымен және алғысымен қайтарымын тапсын.
Осы мереке күні медицина негізін қалаушылар мен ардагерлеріне, Алтай ауданының денсаулық сақтау саласының дамуына баға жетпес үлес қосқан қызметкерлерге ерекше алғыс айтамыз.
Сіздерге денсаулық, жан сергектігін, медицинада жаңа жетістіктер, материалдық және отбасылық табыстар тілейміз.
Алтай ауданының әкімі К.Байгонусов
Аудандық мәслихат хатшысы Л.Гречушникова
21 маусым 2020
Құттықтау