2026 жылғы 10 айдағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысы туралы ақпарат

2026 жылғы 10 айда Алтай ауданының жергілікті атқарушы органдарында 1558 өтініш тіркелді, оның ішінде арыздар – 850, шағымдар – 115, өзгелері (ұсыныстар, хабарламалар, сауалдар) – 593.

Көтерілетін мәселелердің сипаты бойынша өтініштерді талдау бірқатар өзекті мәселелердің бар екенін көрсетеді:

·жер заңнамасының сақталу мәселелері;

·инфрақұрылымдық мәселелер (жолдарды жөндеу, сумен жабдықтау желілері, көше жарығы).

Ауданның мемлекеттік органдарымен аталған кезеңде барлығы 1217 өтініш қаралды, құзыреті бойынша қайта жолданғаны – 305. Өтініштерді қарау және қайта жолдау мерзімдерін бұзуға жол берілген жоқ. 2026 жылғы есепті кезеңде аудан әкімі, қалалар, кенттер және ауылдық округтер әкімдері, әкімдердің орынбасарлары, дербес бөлімдердің басшылары 438 жеке қабылдау өткізіп, 459 тұрғын қабылданды.

Жарияланған күні

20 қараша 2026 15:47

Жаңарту күні

20 қараша 2026