ГЭпизоотияға қарсы іс-шаралар бөлімінің бас маманы, коды (ОПМ-8) А блогы
Шығыс Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы
Шығыс Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Функционалды міндеттер
Эпизоотиялық салауаттылыққа жетекшілік етеді және жауап береді, ветеринариялық есептілікке және аса қауіпті ауруларға қарсы жүргізілген іс-шараларға 3-вет, 5,8-вет ұйымдастыру мен бақылауды жүзеге асырады; облыстың аумағында орналасқан екі және одан да көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындауды жүзеге асырады; облыстың аумағында орналасқан екі және одан да көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындауды жүзеге асырады; уәкілетті орган белгілеген тәртіппен облыстың жергілікті атқарушы органының аумақты аймақтарға бөлу туралы ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындауды жүзеге асырады; облыстың ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарына ұсыныстар әзірлеуді, дайындауды, енгізуді жүзеге асырады; апта сайын жетекшілік ететін қала/ аудан бойынша вакцинациялау жоспарының орындалуы бойынша жинақтауды, талдауды, мониторингті жүзеге асырады; жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтары бойынша мониторингті жүзеге асырады; өнім берушінің қоймаларында жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды сақтау, тасымалдау (жеткізу) шарттарын ұйымдастырады. Қалалар, аудандар үшін ветеринариялық препараттардың үлестірімін жасайды. Келіп түскен вакцинаға талдау жүргізеді; эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп - қарауды жүзеге асырады; ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтауды, талдауды және оларды уәкілетті органға ұсынуды жүзеге асырады; жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу, оларды сақтауды және облыстың қалаларына, аудандарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру жөніндегі комиссияға қатысады; жануарлар өсіруді, ветеринариялық препараттарды сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларға қатысады; бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тапсырмалардың, жұмыс жоспарларының, директивалық құжаттардың сапалы және уақтылы орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді және белгілейді; ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады; бөлімнің құзыреті шегінде облыс әкімі мен әкімі орынбасарының, ҚР АШМ, ҚР АШМ ВБҚК, қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен және КМК, басқа да ұйымдармен бақылау тапсырмаларын, хаттамалық шешімдерін орындау бойынша хат алмасуды жүзеге асырады; эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін жасау; эпизоотиялық зерттеп-қарау актілерін беру; қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Бөлімнің бас маманы өз құзыреті шегінде төмендегілерге жауап береді: денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру; ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға; «Ветеринария туралы» ҚР Заңын және бөлім қызметіне қатысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді орындау. Заңнамада белгіленген мемлекеттік, еңбек тәртібін, қызметтік әдеп нормаларын және ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтайды. Өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
n.kabylova@akimvko.gov.kz
- 19.10.2022
- ШҚО, Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 40, әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін
-
8 (7232) 700-705, 700-713