Өсімдік шаруашылығы және механикаландыру бөлімінің бас маманы, коды (ОРЗИМ-5) (А блогы, негізгі қызметкердің осы мерзім өткенге дейін жұмысқа шығу құқығымен 22.12.2022 жылға дейін бала күтімі жөніндегі негізгі қызметкердің демалыс кезеңіне)

Мемлекеттік орган

Шығыс Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Агроинженерия
  • Аграрлық техника және технология
  • Топырақтану және агрохимия
  • Жеміс - көкөніс шаруашылығы
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Өсімдік қорғау және карантин

Қосымша талаптар

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Функционалды міндеттер

Өсімдік шаруашылығы және механикаландыру бөлімінің бас маманына мынадай міндеттер жүктеледі: суармалы жерлерді есепке алуды ұйымдастыру және мониторинг жүргізу; ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асыру; жерді гидромелиорациялау бөлігінде аумақты дамыту бағдарламасын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу және оны іске асыруды қамтамасыз ету; суармалы жерлерді ұтымды пайдалану бойынша мониторинг жүргізу, гидроқұрылыстар мен мелиоративтік жүйелерді салу және жөндеу жобаларын қарауға және келісуге қатысады; шаруашылықішілік суару каналдарын жұмыс жағдайында қолдау бойынша жұмысты ұйымдастыру және жұмысты одан әрі жүргізу; аграрлық саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету, АӨК дамуының перспективалары мен үрдістерін айқындау, аграрлық секторды дамыту бағдарламаларын әзірлеуге қатысу; суармалы жерлері бар қаржылық тұрақты Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының озық жұмыс тәжірибесін таратуға қатысу; ағымдағы және бақылау хаттарына, облыс әкімі шешімдерінің жобаларына, өсімдік шаруашылығы, егіншілік және мелиорация мәселелері бойынша облыс әкімдігі қаулыларына жауаптар дайындау; облыстың ауыл шаруашылығында суармалы егіншілікті дамыту бағдарламаларын болжауды, әзірлеуді жүзеге асырады;   гидромелиорация мен су үнемдеудің жаңа технологияларын тарату жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады; гидроқұрылыстарды пайдалану қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруда өсіруді технологиялық қамтамасыз ету мәселелеріне қатысады; суармалы жерлерді пайдалану, ауыл шаруашылығы өндірісіндегі еңбек өнімділігін арттыру бойынша ұсынымдар мен консультациялар әзірлеуге қатысады; суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы құрылымдарында егіс айналымдарын әзірлеу бойынша консультациялар жүргізуге қатысады; гидромелиорация мен су үнемдеудің жаңа технологияларын тарату жөніндегі іс-шараларды жүргізуге қатысады; техника мен механизмдердің жаңа үлгілері негізінде суарудың, тамшылатып суарудың, ауыл шаруашылығы дақылдарын төмен қысымды жаңбырлатқыш машиналармен суарудың прогрессивті технологияларын енгізуге қатысады; облыста және одан тыс жерлерде өсімдік шаруашылығы дамуының жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу, өсімдік шаруашылығы саласында жаңа технологияларды жетілдіру, енгізу және өнімділікті арттыру, оның ішінде егіс алқаптарының құрылымын оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, оларды орындауды жалпы үйлестіру және қатысу; суармалы жерлерді тиімді пайдалану және суармалы жерлерде ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады, жерді гидромелиорациялау жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірудің өңірлік бағдарламаларын әзірлеуге қатысады, облыстық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру кезінде сөз сөйлеулерді, материалдарды дайындау, өңірлік жәрмеңкелер мен АӨК өнімдерінің көрмелерін өткізуге қатысу; белгіленген нысандар бойынша есептік деректерді ұсыну; бас маманға жүктелген функцияларды, Басқарма басшылығының нұсқаулары мен тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау; өз құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздікті сақтауды жүзеге асырады; жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 06.10.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.10.2022 – 17.10.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: бір файлдың көлемі 7 Mб аспауы қажет

Сұхбаттасу күні

19.10.2022

Сұхбаттасу орны

ШҚО, Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 40 (Әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7232) 700-705, 700-713