Бухгалтерлік есеп, мемлекеттік сатып алулар және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы коды (№03-05)
Шығыс Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы
Шығыс Қазақстан облысы
108306 - 146000
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
«Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Функционалды міндеттер
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жұмысты орындау: кезекті қаржы жылына, жоспарланған үш жылдық кезеңге арналған облыстық және республикалық бюджеттерді қаржы жылы ішінде бюджетті нақтылау кезінде белгіленген лимиттер шегінде жоспарлау мен болжауды жүзеге асыру, кезекті қаржы жылына және алдағы үш жылға жергілікті және республикалық бюджеттерге Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну, қаржы жылы ішінде жергілікті және республикалық бюджеттерді нақтылау кезінде қосымша бюджеттік өтінімдерді құру және ұсыну, бюджетті қалыптастыру және нақтылау кезінде ҚР бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту). «Ашық бюджеттер» интернет-порталында басқарманың бюджеттік бағдарламалары бойынша деректерді орналастыру және өзектендіру. ҚР мемлекеттік органдарының «ZERDE» архитектуралық порталы арқылы ақпараттандыру саласындағы тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша Мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есебін жасау, ұсыну және келісу. бюджеттік өтінім мен бюджеттік бағдарламалардың деректерін, сондай-ақ кезекті қаржы жылына және алдағы үш жылға растайтын құжаттарды қаржы жылы ішінде жергілікті және республикалық бюджеттерді нақтылау кезінде «Парус-Каз» автоматтандырылған бағдарламасына енгізу» бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалардың рейтингі бойынша нысаналы индикаторларды тиімді орындау жөніндегі шаралар бағдарламасына сәйкес ШОК субъектілерін қолдауға жергілікті және республикалық бюджеттерден бөлінетін қаражат көлемінің өсу қарқыны бойынша деректерді жинақтау және ұсыну. Өз құзыреті шегінде бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттарды, мәліметтерді жинау және уақытылы ұсыну, мониторингті жүзеге асырады. Сапа менеджменті жүйесін сақтау және сапа саласындағы бекітілген Саясат пен мақсаттарға сәйкес өзінің лауазымдық міндеттерін орындау. Берілген лимиттерге сәйкес басқарма бюджетінің шығыстарын есепке алу жөніндегі жұмысты орындау.
Есептік деректерді белгіленген нысандар бойынша ұсыну.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 11.06.2020
- ШҚО, Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 38/40
-
8 (7232) 700-705, 700-713