Инвестиция және қаржы құралдары бөлімінің бас маманы коды (№05-02)
Шығыс Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы
Шығыс Қазақстан облысы
108306 - 146000
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
«Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, әлемдік экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, статистика, жобаларымен басқару, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Функционалды міндеттер
Инвестициялар және қаржы құралдары мәселелері бойынша облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің материалдары мен жобаларын дайындауды ұйымдастырады; АӨК мемлекеттік қолдау бойынша өз құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге консультациялық көмек көрсетеді; құзыреті шеңберінде негізгі қызмет мәселелері жөніндегі кеңестердің, комиссиялардың жұмысына қатысады; бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтар мен кәсіпорындардың хаттары мен өтініштерін қарайды; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау бойынша ұсыныстар әзірлейді және іс-шараларды жүзеге асырады; ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дамыту үшін қаржы ұйымдарының инвестициялары мен кредиттерін тарту бойынша іс-шаралар әзірлейді; агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялауды жүзеге асыру; қолданыстағы заңнамада белгіленген құзыреті шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдарға субсидиялау туралы ақпарат береді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 11.06.2020
- ШҚО, Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 38/40
-
8 (7232) 700-705, 700-713