Мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бөлімінің басшысы, коды (ОРИСЖ-1) функционалдық блок «А»

Мемлекеттік орган

Шығыс Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

D-O-3

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Биология
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Биотехнология
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім:зоотехния

Құзыреттер бойынша талаптар: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Функционалды міндеттер

Бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады;облыста мал шаруашылығын дамытудың тұрақты мониторингін жүргізу, кредиттік Мемлекеттік бағдарламалар, инновациялық жетістіктер негізінде жаңа құралдарды жетілдіру, енгізу бойынша ұсыныстарды талдау және әзірлеу, жалпы үйлестіру және оларды орындауға қатысу;мал шаруашылығын дамытуға инвестициялар тарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді қамтамасыз ету;аграрлық нарық қатысушыларына мемлекеттік аграрлық саясаттың негізгі бағыттары мен іске асыру тетіктерін түсіндіру;мемлекет іске асырып отырған АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес мал шаруашылығын дамыту жөнінде шаралар қабылдау, әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу және оған мониторинг жүргізу;қаржылық тұрақты Ауыл шаруашылығы құрылымдарының оң жұмыс тәжірибесін зерделеу, жинақтау және тарату;мал шаруашылығы саласындағы саясат және экономикалық қайта құру мәселелерінде жергілікті атқарушы органдар мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ақпараттық қамтамасыз ету;мал шаруашылығына қатысты "облыстың агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды енгізу" 019 бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру мониторингі және қаржылық есептерді талдау, іріктеу, қатысу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркелімі мен есебін жүргізуді бақылауды ұйымдастырады;бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылатын асыл тұқымды өнімнің (материалдың) әрбір түріне, мал шаруашылығының өнімділігін және сапасын арттыруға субсидиялау бағдарламасын іске асыруға ұсыныстар мен есептер енгізеді;жоғары бағалы асыл тұқымды малдарды тиімді пайдалануды ынталандыру мақсатында бағалау туралы деректерді қорытуды және оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар етуді жүзеге асырады;облыс әкімінің шешімдерін, облыс әкімдігінің мал шаруашылығы саласындағы қаулыларын дайындайды;жұмыс жоспарына сәйкес облыс әкімдігінің отырысы үшін баяндамалар мен материалдар дайындауды жүзеге асырады;мал шаруашылығы бойынша облыстық іс-шараларды өткізу үшін материалдар дайындайды;мал шаруашылығын дамыту мәселелеріне қатысты ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін облыстық семинарлар мен кеңестер өткізуді ұйымдастыруға қатысады; Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік актілерінің, мәслихат шешімдерінің және әкімдік қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жүргізеді;құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (ҚҚБ)орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Өз құзыреті шегінде басқармада ақпараттық қауіпсіздікті сақтау. Ақпаратпен қамтамасыз ету және интернет ресурстардың бірыңғай платформасында және МОИП-тағы "құжаттар кітапханасы" модулінде орналастыруды жүзеге асыру.

Өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 16.01.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.01.2023 – 19.01.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: максимально допустимый размер файлов 15 МБ

Сұхбаттасу күні

23.01.2023

Сұхбаттасу орны

Өскемен қ., Бейбітшілік көшесі,40 үй, 2 қабат, «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7232) 700-705, 700-713