Шығыс Қазақстан облысындағы мал қыстамалығы

Мал қыстамалығын қолайлы өткізу - мал өсірушілер үшін ең маңызды кезең болып саналады. Сондықтан, малшылар мал қыстатуға алдын-ала дайындалып, әр-кез ауа райының қолайлы кезеңдерін пайдаланып қалуға тырысады.
Мал азығын сапалы дайындау малдың өнімділігі мен иелігіндегі малдың санын тұрақты ұстауға тікелей әсер етеді.
Шығыс Қазақстан облысының өңірлерінде мал қыстату науқаны ірі қара малдар үшін қараша айынан басталады. Қой отарларымен мен жылқы табындары жыл бойы жайылымда болады.
Биылғы қараша мен желтоқсан айларында ауа-райы қолайлы, іс жүзінде жауын-шашынсыз және аязсыз болып отыр.
Жазбен күзде дайындалған қатал мал азығы аяз бен қалың қар түспей тұрып, қыстауларға (қораларға) мал базаларының жанында маяларға жинақталды.
Жалпы биыл облыста мал қыстату науқаны сәтті басталды.
Биылғы мал қыстату науқанына облыс шаруашылықтарының барлық санаттары бойынша - 395,3 мың бас ірі қара малдары, 602,1 мың бас қойлар мен ешкілер, 231,2 мың бас жылқылар еніп, барлығы 686,7 мың шартты басты құрады.
2024-2025 жылдары мал қыстауын сәтті әрі ауыл шаруашылығы жануарларын толыққанды азықпен қамтамасыз ету үшін мал санына орай азықтық қажеттілік есептелінген.
Ауыл шаруашылығы ұйымдарының базаларындағы ауыл шаруашылығы малдарына арналған азықтың резервтік қоры үшін қосымша 524 мың тонна шөп дайындау жоспарланып, биылғы жылы дайындалған шөптің барлық көлемі 1 572 мың тонна, пішендеме - 168,5 мың тонна, сүрлем - 250,2 мың тонна, сабан - 88,3 мың тонна, құрама жем- 141,1 мың тонна болды.
Дайындалған мал азығының мұндай көлемі қыс кезеңінде мал шығынына жол бермеуге және ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігін төмендетпеуге мүмкіндік беретін болады.