Шығыс Қазақстан облысының қайта өңдеу кәсіпорындарынан су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек

Қазақстан Республикасы Президентінің Батыс Қазақстан облысында қалыптасқан жағдай және төтенше жағдай салдарын жою жөніндегі 2024 жылғы 4 сәуірдегі кеңесте су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қажетті көмек көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы берген тапсырмасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы Өскемен қаласының мынадай өңдеу кәсіпорындарының қолдауымен: «МАЙ» АҚ, «Өскемен ұн тарту комбинаты» ЖШС, «СЕЙ-НАР» ЖШС, «Өскеменагропродукт» ЖШС, «ВостокЭкоЛайн» ЖШС және «Илмаз Премиум» ЖШС 20 000 кг аса қажетті азық-түлік өнімдерін жинауды ұйымдастырды, оның ішінде: 12 400 кг 1 сұрыпты бидай ұны, 2000 кг қарақұмық жармасы және 6000 литр күнбағыс майы.
Сондай-ақ, "ОХМК" ЖШС Ақтөбе облысының тұрғындарына 10000 кг қарақұмық жармасы мен бұршақ түрінде гуманитарлық көмек жіберді.
Облыс әкімдігінің бөлу жоспарына сәйкес, ағымдағы жылғы 25 сәуірде осы өнімдер тиелген жүк көлігі Атырау облысына жолға шықты.
Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 23 сәуірде «Өскемен құс фабрикасы» АҚ өз көлігімен Қостанай облысының тұрғындарына 10 000 кг мұздатылған құс етін жеткізді.
Жалпы, «AITAS KZ» АҚ компаниялар тобы бүкіл ел бойынша су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек көрсетеді.
Бүгінгі күні осы Агрохолдингн Ақмола және Атырау облыстарына 20 000 кг құс еті жеткізілді.