ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 6 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келеді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 6 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келеді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 6 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келеді.

АШМ басшысы «Восток Молоко» ЖШС жаңартылған ірімшік цехының жұмысымен танысады және өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездеседі. Сонымен қатар, Айдарбек Сапаров Солнечное ауылындағы «Майлы дақылдардың тәжірибелік алаңы» ЖШС, Украинка ауылындағы жылыжай кешеніне және «Багратион-2» ШҚ-на барады. Сондай-ақ, министр «Алтай» көтерме-тарату орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлерін сақтаудың логистикалық әлеуетімен және мүмкіндіктерімен танысады.