Құйған ауылының тұрғыны Болекбаева Нұргүл “Ауыл аманаты” бағдарламасы арқылы өз наубайханасын ашты.

Жарияланған күні: 10 желтоқсан 2025

Құйған ауылының тұрғыны Болекбаева Нұргүл "Ауыл аманаты” бағдарламасы арқылы өз наубайханасын ашты.

Бағдарламаның қолдауымен алынған құрал-жабдықтар бүгінде ауыл халқына күнделікті жаңа, ыстық нан ұсынуға мүмкіндік беріп отыр.

Кәсіпкердің айтуынша, төмен пайызды несие мен жеңілдетілген құжат рәсімдеу процесі кәсіпті тез бастаудың басты себептерінің бірі болған. Қазіргі уақытта пекарня ауыл тұрғындарын тұрақты түрде сапалы өніммен қамтып отыр.

Ауыл кәсіпкерлігін қолдайтын мұндай жобалар — ауылдың дамуына үлкен серпін береді. ✨