2025 жылғы 28-29 қарашада Тарбағатай ауданының күндері өтеді
Облыс орталығында «Туған жер -алтын бесігім!» жобасы аясында Тарбағатай ауданының мәдени күндері ұйымдастырылады.
28 қараша күні сағат 17:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында (Протозанов көшесі, 43) аудан қолөнершілерінің, ауылшаруашылық өнімдері көрмелерін тамашалауға болады. Сағат 18:00-де көрермен залында аудан әртістері мен шығармашылық ұжымдарының концерті басталады.
29 қараша күні сағат 07:00-ден бастап «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы алаңында (Жібек жолы даңғылы, 44) Тарбагатай ауданының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
29 қараша күні сағат 09:00 -де 46 мектекте воллейбол ойыны, ал 11:00-де максимол сауда орталығында концерт ұйымдастырылады