Шығыс Қазақстан облысы бойынша шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары қарқынды жүруде.

Жарияланған күні: 23 мамыр 2025

Шығыс Қазақстан облысы бойынша шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары қарқынды жүруде.

Бүгінгі күні өңдеу жұмыстары Тарбағатай, Зайсан аудандарында басталды, барлығы 1,6 мың га химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Барлығы 42 адам және 4 желдеткішті бүріккіштер мен 1 аса жеңіл ұшақ жұмылдырылды.

Шегірткелерге қарсы күресу шараларын уақытылы және сапалы атқару үшін қажетті техникалармен және пестицидтермен толығымен қамтамасыз етілді.

Облыстағы фитосанитарлық жағдай Ауыл шаруашылығы басқармасының тұрақты бақылауында.