ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясы әкімшілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маман-заңгері

Мемлекеттік орган

Аймақ

Шымкент қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

186632

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану

Функционалды міндеттер

3.1. Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіпте сотта, құқық қорғау органдарында Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының мүддесін қорғайды.

3.2. Басшыға қол қоюға ұсынған бұйрықтар, нұсқаулар, келісім-шарттар, қаулылар мен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жобаларының заң талаптарына сәйкестігін тексереді, қол қоюға берілген құжаттардың заңға қойылған талаптарға сәйкес болған жағдайда, оларға белгі соғады.

3.3. Талаптар мен шаруашылық дауларын қарау кезінде анықталған Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының құрылымдық бөлімдерінің (тамақ және биологиялық қауіпсіздік бөлімі, шекара мен көліктегі ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бөлімі, әкімшілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімі) кемшіліктерін жою жөнінде ұсыныстар дайындайды және бұл ұсыныстарды басшылыққа хабарлайды.

3.4. Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының құжаттары заңға сәйкес жүргізілуін тексереді және практикалық, методикалық құқықтық көмек көрсетеді.

3.5. Ауыл шаруашылығы министрлігіне, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне инспекцияның құқықтық жұмысы туралы есебін дайындайды.

3.6. Ауыл шаруашылығы министрлігінен, басқа да министрліктерден, агенттіктерден, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінен, департаменттерден, құқық қорғау, прокуратура, сот органдарынан, мемлекеттік мекемелерден жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінен келіп түскен корреспонденциялар мен бұйрықтардың, қаулылардың, шешімдердің, нұсқаулардың, хаттамалардың, жұмыс жоспарларын, өзіне жүктелген бөлігінде және  белгіленген мерзімінде орындайды.

3.7. Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясында салынған айыппұлдарды, тексеру жұмыстары бойынша құжаттарды талап етіп, ақпарат дайындайды.

3.8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде іс-шара жоспарын түзіп, заңнамалардың жалпыға бірдей құқықтық оқытуларды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

3.9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде құқық қорғау, прокуратура, мемлекеттік органдар және «Нұр-Отан» партиясы өкілдерінің қатысуларымен дөңгелек үстел, семинар, лекциялар, «Antikor.Laive» және «Adal komek» жобаларын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. 

3.10. Заңгерлік сұрақтар бойынша Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының қорытынды есептерін құрылымдық бөлімдерінен (тамақ және биологиялық қауіпсіздік бөлімі, шекара мен көліктегі ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бөлімі, әкімшілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімі) жинақтайды.

3.11. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің заңға сәйкес жүргізілуін ұйымдастырады,

3.12. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша келіп түскен өтініштердің орындалуын, құжаттарының (өтініш, жеке куәлік көшірмесі, сараптама актісі, ветпаспорт, ветанықтама көшірмесі, ветсертификат бланкісі үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі) толық қабылдануы мен дұрыс жүргізілуін ұйымдастырады.

3.13. Тексеру тағайындау актілері мен әкімшілік істерді тіркеу журналдарын жүргізеді, құзырлы органдар тарапынан жүргізген тексерулерге қатысты құжаттарды (қаулы, өкім, бұйрық, хаттама, анықтама, ақпараттық хаттар т.б.) жинақтайды.

3.14. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен Инспекциямен тағайындалған тексерулер, әкімшілік істер бойынша айлық, тоқсандық, жылдық салыстыру актілерін жасауды қамтамасыз етеді.  

3.15. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыс тобының жұмысын уақытылы жүргізілуін ұйымдастырады;

3.16. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалардың дұрыс зерделенуін ұйымдастырады;

3.17. Бөлімнің іс-қағаздарымен жұмыс жасайды.                                                                                                                                                                                                              

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 09.03.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.03.2022 – 18.03.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

29.03.2022

Сұхбаттасу орны

Шымкент қаласы, Крейсера Аврора көшесі 48-а

Анықтама алу үшін байланыс

87252-44-85-04