ҚР АШМ ВБжҚК Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы шекара маңы бекеттерін бақылау бөлімінің жетекші маманы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

C-O-6 (Жетекші маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

97510 - 132020

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Қосымша талаптар

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына сәйкес

Функционалды міндеттер

- Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады               

- Шекара бекеттеріндегі жұмыстарды ұйымдастырады:

- Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау;

- Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан:

ветеринариялық бақылау бекеттерінде;

орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;

жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;

тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру.

- орнын ауыстыратын (тасымалданатын) объектілерді әкелу, әкету және транзиті кезінде, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарасының маңындағы аумақтағы автомобиль қатынасы шегінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды іске асыру.

- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық бойынша істерді қарастырады.  

- Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 05.05.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.05.2020 – 18.05.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

22.05.2020

Сұхбаттасу орны

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Парк көшесі, 57 В

Анықтама алу үшін байланыс

телефон (факс): 8(715-2)53-36-57