ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сарқан аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы индексі 20-2-1. 1 бірлік.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Алматы облысы
95210 - 128834
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Қосымша талаптар
ветеринарлық фельдшер
Функционалды міндеттер
- Негізгі функционалдық міндеті: ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды береді, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық сертификат береді, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындау жөнiндегi қызметіне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды, олардың республикалық қорын қоса алғанда, оларды сақтауға, тасымалдау (жеткізу) мен пайдалануды, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, аудан аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөнiндегi ветеринариялық іс-шаралардың жүзеге асырылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.
2. Арнайы шеберлігі: мемлекеттік тілді білу, компьютерде Word, Excel, Е-mail бағдарламаларымен жұмыс істей білу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Индекс-040000, Алматы облысы Талдықорған қаласы, Қаблиса Жырау көшесі 207.
-
+7 - 7282 - 31-81-91