Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығын саласын заңнамамен қолдау

 

 

 

Ауыл шаруашылығын саласын заңнамамен қолдау

 

«Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында ел экономикасын дамытудың бір жолы ауыл шаруашылығын жаңғырту екенін айтқан болатын. Елбасы ауыл шаруашылығы өнеркәсібінде сапалы секіріс жасау толықтай қолымыздан келетінін, ал ол үшін бізге жаңа тұрпаттағы мемлекеттік ой-сана қажет болатынын атап өтті. Сондықтан да ауыл шаруашылығы саласында көптеген заңнамалар мен нормативтік құқықтық актілер жетілдіріліп өзгерістер енгізіліп және қайта қаралып, жаңа заңнамалар жасақталды.

Еліміз тәуелсіздік алғалы ауыл шаруашылығын дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көзделген бірнеше мемлекет аралық ынтымақтастық келісімдеріне қол қойылды. 

Ауыл шаруашылығы саласындағы көрсетілетін электрондық мемлекеттік қызмет регламенттері мен стандарттары бекітілді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заң жобасы әзірленді. Бұл заң жобасы арқылы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге және «Агробизнес-2020» агроөнеркәсіп кешен саласын дамыту бағдарламасы шеңберінде ауылшаруашылық тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруға бағытталған болатын.

Соның аясында еліміздің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, Жер, Еңбек және Бюджет кодекстеріне, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы», «Ветеринария туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласында ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындап, агроөнеркәсіп кешені қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды.

Айта кетсек, кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары айқындалды. Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың негізгі мақсаты агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін қаржылық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру болып табылады.

Заңнамалық тұрғыда өткен 2003-2005 жылдары Елбасының шешімімен Ауыл жылдары деп жарияланған еді. Осы ауыл шаруашылығының мемлекеттік қолдаудың үш жылдық бағдарламасы қабылданып, ауылдың əлеуметтік жағдайын жақсартуда елімізге үлкен өзгерістерін əкелді.

Демек, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығын жандандыру ауылдағы саяси, əлеуметтік əрі экономикалық байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас құрамдас бөлігі ретінде қарастыруымызға болады. Толағай атқарылған шараларымыздың негізін қалаушы Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың еліміздегі ауыл шаруашылығындағы оң өзгерістерді қалыптастырудағы жеке үлесі шексіз.

Сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын!

Елбасының жүргізіп отырған реформалары әлемдік саясатты және бірлікті қолдайды. Осы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға ырыс пен береке тілеймін! #Табысжолы#, #ПутькУспеху#

Дата публикации
02 декабря 2020
Дата обновления
02 декабря 2020
Тип
Информация

Сейчас читают

18 мая 2026
В Комитете ветеринарного контроля обсудили вопросы антитабачной политики и этики госслужащих
Информация
30 декабря 2025
Комитет ветеринарного контроля и надзора подвёл итоги антикоррупционной работы за 2025 год
Статьи
26 сентября 2025
Этика как ориентир в работе Комитета ветеринарного контроля и надзора

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы