«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы

Успен ауданының білім беру бөлімі 2025 жылғы  1 тамыздан 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өтетінін жариялайды.

Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады!

Барлықтарыңызды акцияның белсенді қатысушысы болуға шақырамыз!

Акцияға қосылғысы келетіндердің барлығын «Успен ауданының білім беру бөлімі»ММ 87715315251 сенім телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз

Басталу уақыты

01 тамыз 2026

Соңғы күні

30 қыркүйек 2026

Оқиға түрі

Хабарландыру