Хабарлама

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін

алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе

өзгеде жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп

иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексін, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын басшылыққа ала отырып және «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің хаты, 2022 жылғы 05 қазандағы №40 жер комиссиясының оң қорытындысы мен 2022 жылғы 11 қаңтардағы №7 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негiзiнде қала әкiмдiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. Демалыс саябағын орналастыру үшін Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Х.Доспанова көшесі, 69/1-үй, «Мотор» көлікжай кооперативі орналасқан жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2023 жылдың 19 мамырына дейін болып белгіленсін.
  3. Меншік иесі жүгінетін орын Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 182/1, 20 кабинет болып белгіленсін.
  4. «Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулының ол қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде, Орал қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
  5. «Орал қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
  • меншік иесін жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабардар етсін;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары А.Кульбаевқа жүктелсін.

 

Қала әкімі                                                           М. Сатқанов

Дата публикации
15 февраля 2023